«Кітап жарнамасы»

Дата: 2024-01-29 11:48:24
«Кітап жарнамасы»

 «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ - де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері өткізілетін «Кітап жарнамасы» жалғасуда. 5 Г сыныбының білім алушылары Мұрсал Балаусаның салған  суретін жасанды интеллекпен жандандыра отырып жарнама жасады. Ал 9 В сыныбы Данияр Жігітбектің «Лайфхактар» кітабының желісі аясында  танымдық ақпараттық видео жасап, бөлісті. Кітап оқу, бұл - текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ. Кітап оқиық, достар!!!