Размер шрифта:

4 "Б" сыныбында "Біз бақытты баламыз" тақырыбында сынып сағаты өтті.

Дата: 2024-01-18 20:02:09
4
ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" оқу  сауаттылығы апталығында 4 "Б" сыныбында "Біз бақытты баламыз" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты оқушыларды үш топқа бөліп, сайыс түрінде өткізілді. Сайыс шарты, топтар аты,  ұранымен таныстырылды.  Оқушылар 4 бөлімнен тұратын тапсврмаларды орындай отырып балалық шақтың қызықты кезеңдерін  көрсете білді. Отаны, туған елі , өз отбасы, білім ордасы, достарымен бақытты екендіктерін класстер , топтық  тапсврмалар орындау барысында дәлелдеп өз ойларын өлең жолдарымен өрнектеді. Сынып сағатының  қорытынды кезеңінде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, "Біз бақытты балдырған" әнімен аяқтады. Іс шараны сынып жетекшісі Н.Г. Ордабекова ұйымдастырды