" ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығы басталды.

Дата: 2024-01-17 18:12:01

Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде 15. қаңтар  күні " ХХІ  ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығы басталды. Апталықтың алғашқы күні саптық жиын және "Біз бақытты баламыз" тақырыбында  сынып сағаттары, 2-4 сыныптарда  "Шапшаң оқу акциясы" жүргізілді. "ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" ақпараттық стенд құрылды.