“Өнегелі Өмір” жобасы

Дата: 2024-01-16 17:12:13
“Өнегелі Өмір” жобасы
6 желтоқсан күні облыстық “Өнегелі Өмір” жобасы аясында оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттырумақсатында қаламыздың жас кәсіпкері, “Үміт үзбе” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қала жастарының саналы дамуын арттыруға үлес қосып жүрген белсенді азамат Оралхан Дәулетұлы Барлановпен мектеп-лицейдің 11-сынып оқушылары арасында кездесу өтті.Оралхан Дәулетұлы оқушыларға уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау, жаһандық дағдыларды меңгеру бойынша ақпарат беріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында оқушылар қонағымызға алғыстарын білдіріп, позитивті көңіл-күйде қоштасты.