«Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» танымдық сағат

Дата: 2024-01-03 10:02:59
«Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» танымдық сағат

XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы, белгілі жазушы, ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы туралы білім алушыларымызға жан-жақты ақпарат беру мақсатында «Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» атты танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында «Үнемі оқитын адам - табысты адам» атты кітап көрмесі таныстырылып, Бауыржан атамыз жайында қызықты деректерден бейнефильм көрсетілді. Танымдық сағат «Балалар кітапханасы» жобасының аясында жүзеге асырылды.