«Егемен ел – Қазақстан!» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Дата: 2023-12-17 22:14:07
 «Егемен ел – Қазақстан!» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Абай атындағы №2 мектеп – лицейі» КММ – де «Егемен ел – Қазақстан!» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада мектеп директорының міндетін атқарушы Шармуханбетова Ж.А.  мектеп қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттап, жүрекжарды лебізін білдірді. Әрі қарай мерекелік бағдарлама мектеп домбырашыларының «Келіншек», «Нәрағашы» күйлерімен ашылса, бастауыш сынып оқушылары «Туған жер» хорымен жалғастырды. Оқушыларымыз дуэт, квартет болып ән шырқап , әндерімен көрерменді сүйсіндірді.  Түрлі тарих толқынынан сыр шертетін мектеп бишілерінің «Қазақ елі» биі көрермендердің рухын оята білді. Сонымен қатар, мектебіміздің жезтаңдай әншілері домбырамен халық әндерін шырқады. Концерттің соңын мектебіміздің үлкен хоры «Егемен ел- Қазақстан!» әнімен аяқтады. Оқушылар музыка арқылы, өнер арқылы, ұлттық құндылықтарды өз бойларына сіңдіре алды деп есептейміз. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Өмірхан Ә.М. осы мерекелік іс-шараны дайындаған мектебіміздің көркемдік жетекшілері: Умбетова Т.Е., Еркинова Ж.Е., Құсайынов Д.С., және мектебіміздің хореографы И.Т.Кемелбековага өз алғысын білдірді.