Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» атты қалалық эссе байқауын ұйымдастырды.

Дата: 2023-12-12 23:51:04
Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» атты қалалық эссе байқауын ұйымдастырды.
«Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ-і Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» атты қалалық эссе байқауын ұйымдастырды. 
Байқаудың мақсаты:  оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту; Патриоттық сезімін ояту; 
жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 
Байқауда мектеп-лицейіміздің 10 «А» сынып оқушысы-Өмірсерік Нұрдана (жетекшісі-Имухаметова Салтанат Сабитқызы) ІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталса, 9 "В" сынып оқушысы Аманболды Таңжарық (жетекшісі-Сейткалива Мейрамгүль Жақсылыковна) Алғыс хатпен марапатталып, сыйлық иеленді! Құттықтаймыз! Осы оқушылар мектеп-лицейіміздің белсенді көшбасшылары!