" Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында 6-сыныптарда "Бала Абайдан дана Абайға дейін" атты циклдік танымдық сабақтар өтті.

Дата: 2023-12-12 23:46:57

6 желтоқсан күні  "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" облыстық форумы және " Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында 6-сыныптарда "Бала Абайдан дана Абайға дейін" атты циклдік танымдық сабақтар өтті. ( Пән мұғалімі Балтабай А.С) Сабақ барысында ар-ұят, ұлттық мүдде, талап құндылықтарын бойға сіңіру мақсатында Абай атамыздың  "Ұяламын дегені көңіл үшін",  Талап құндылығы бойынша " Ғылым таппай мақтанба"өлеңіндегі " Талап, еңбек, терең ой" ұғымдары талданып , "Адамның ең жаманы - талапсыз" саналатын бес дұшпаннан аулақ болу керектігі айтылды.  Оқушылар Абай өлеңдеріндегі құндылықтарды зерделей отырып, " Woordwall"  платформасы арқылы ой түйіндеді, ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа оқыды.