«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында кітапханашы Искакова Роза Ғылымжанқызымен сыр-сұхбат алаңы

Дата: 2023-12-07 18:15:53
«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында кітапханашы Искакова Роза Ғылымжанқызымен сыр-сұхбат алаңы
Тәрбие - ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Форум аясында жастардың өмірдің әртүрлі салаларындағы табысты адамдармен қарым-қатынас жасауына арналған коммуникативті алаң құру. Оқушы тұлғасын, рухани-адамгершілік қасиеттерін жетістікке жеткен адамдар үлгісінде, мысалында қалыптастыру.
Соған орай, «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында мектеп-лицейіміздің кітапханасында рухани қазынаны дәріптеп жүрген мәртебелі мамандық иесі кітапханашы Искакова Роза Ғылымжанқызымен сыр-сұхбат алаңы өткізілді. Кездесуге 7 Б сынып білім алушылары қатысты. Шара барысында білім алушыларымыз кітапханашыға ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.