Құндылыққа негізделген тәрбие

Дата: 2023-12-07 17:56:42
Құндылыққа негізделген тәрбие
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып оқушылары бата беру дәстүрін жалғастыруда.
Бата беру — Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады. Бата берудің мақсат-мазмұны сан түрлі болып келеді. Сонау көне заманнан келе жатқан игі дәстүрге халық ерекше мән берген. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақ бата берудін, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде айтарлықтай әсері бар.
2 «В» сынып оқушылары: Ерлан Нұрәлі Мерейұлы, Мелис Нұрали, сынып жетекшісі – Шаймерденова С.С.
4 «В» сынып оқушылары: Ежибаев Мади, Тәлім Бекхан, Сержанов Нұрасыл, сынып жетекшісі Стамбекова Ш.Д.
Баталы сөз - балаға азық.