"Бастауыш сыныпта құндылыққа бағытталған білім" тақырыбында қалалық жас мамандардың қатысуымен шебер сынып өткізілді.

Дата: 2023-12-07 14:50:43
05.12 күні Абай атындағы №2 мектеп лицейінде "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" апталығы аясында  "Бастауыш сыныпта құндылыққа бағытталған білім" тақырыбында қалалық жас мамандардың қатысуымен шебер сынып өткізілді.Шебер сыныпты бастауыш сынып мұғалімдері Қазақбаева А.Т және Жүнісбек А.Д. жүргізді.
Іс шара барысында жас мамандар топтаса отырып,құндылыққа негізделген тапсырмалар құрастыру,ұлттық құндылықтар бойынша мәтінмен жұмыс жасау тапсырмаларын орындады. Жас мамандарға "Құндылыққа негізделген білім" атты шағын кітапшалар таратылды.
Шебер сынып ""Біз біргеміз" рефлексиясымен аяқталды.