«Ұлттық Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы негізінде

Дата: 2023-12-06 17:42:38
«Ұлттық Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы негізінде
 4 желтақсан күні мектеп-лицейімізде «Қазақтың 100 әні» жобасы  аясында «Көңілім әнді ұғады» атты  сазды  кездесу өтті. Мақсатымыз: мектеп -лицей оқушыларын жергілікті әншімен таныстырып, олардың шығармашылығын жас буынға кеңінен насихаттау. Оқушыларға музыка арқылы құнды қасиеттерді дарыту, музыкалық өнерге баулу.
Туған қаламыздың  өнер иелерінің  әндерін ұрпаққа кеңінен насихаттау, сол арқылы музыкалық қорларын байыту, халық музыкасын тыңдай және түсіне білуін дамыту. Кездесуге «Балқаш сазы» Балқаш қаласының ардагерлер хорының аккомпаниаторы, жергілікті әнші, сырнайшы - Баймағанбетов Елдос Тайтолеуұлы және әнші, педагог – концертмейстр Ғазиз Назерке Мейірханқызы қатысып, өз шығармашылықтарын оқушыларға таныстырып, әнмен шашу шашты. Мектеп-лицейіміздің ән сахнасында  Абай атамыздың халық әндері, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғаиев ағаларымыздың ұмытлмас әндері бірге шырқалды. Сазды кешті  дайындап жүргізген «Қазақтың 100 әні» жобасының жетекшісі музыка пәні мұғалімі Еркинова Жанна Еркінқызы және музыка пәні мұғалімі Өмірхан Әділет Манерханұлы.