Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл

Дата: 2023-12-06 17:40:07
Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің «Қуыршақ театры» ерекше көлеңкелі «Дара тұлға Бейбарыс» қойылымын көрсетті. Қойылым шығыс пен батыстың кіндігі болған, мысыр елінің гүлденуіне, мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған. Осы қойылымда үйірме жетекшісі Меруерт Нурашевна көлеңке қойылымымен қатар қуыршақ және тірі қойылым көрсетіп үш қойылым түрін біріктіре білді. Театр жетекшісінің асқан шеберлігі қойған қойылымның мазмұнын толықтай ашып,  мектебіміздің оқушысы Айсара үздік артист номинациясын жеңіп алды. Сұлтан Бейбарыстың ғұмырынан сыр шертетін осынау қойылымдар көрермендер үшін де пайдасы зор ақпарат, сарқылмас білім нәріне айналмақ.
Сценаристер: үйірме жетекшісі Меруерт Нурашевна