«Адал ұрпақ» еріктілер слёті

Дата: 2023-12-04 22:55:09
«Адал ұрпақ» еріктілер слёті
Оқушыларың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және ұлттық мүддеге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыту мақсатында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің «Адал ұрпақ» еріктілер клубы қалалық слётке қатысты. 9 сынып оқушыларынан құралған “Парасатты Азамат” командасы “Белсене қатысқаны үшін” деген дипломмен марапатталды.
Адалдық, парасаттылық пен адамгершілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық” деген сөздің астарында үлкен ұғым жатыр. Ол ісі мен сөзінің шыншылдығы, айнымастығы, тазалығы сияқты игі қасиеттерден тұрады. 
 
Адалдықтың негізінде шындық бар,
Адалдықсыз ақиқаттың жолы тар.
Адал ұрпақ бола алмасақ егер де,
Арқа сүйей алар ма екен елім нар.