«Құқық және тәртіп» фракциясының мүшелері 7 «В» сынып оқушыларына сынып сағатында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.

Дата: 2023-12-01 23:30:06
«Құқық және тәртіп» фракциясының мүшелері 7 «В» сынып оқушыларына сынып сағатында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-і  «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» онкүндігінде Мектеп Парламентінің «Құқық және тәртіп» фракциясының мүшелері 7 «В» сынып оқушыларына сынып сағатында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. «Құқық және тәртіп» фракциясының жетекшісі Оралбекова Айханым қарапайым «Менің құқығым бар» деген сөзден бастап, бала құқықтары жайлы заңнамалардағы құқықтары мен міндеттеріне түсініктеме берді.
Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар, басқаларды ренжітпей, тек жақсылық істеуге міндеттімін. Ең бірінші, мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын. Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін. 
Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,  құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.