Кітап жарнамасы

Дата: 2023-12-01 23:27:25
Кітап жарнамасы

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ - де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері өткізілетін «Кітап жарнамасы» жалғасуда. 30 қараша күні 5 Ә сыныбының білім алушылары Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің желісі аясында  қойылым қойып, танымдық ақпараттармен бөлісті. Кітап оқу, бұл - текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ. Кітап оқиық, достар!!!