“Өнегелі өмір” жобасы аясында табысты тұлғалармен кездесу.

Дата: 2023-11-25 21:22:28
“Өнегелі өмір” жобасы аясында табысты тұлғалармен кездесу.
Мектеп-лицейімізде “Өнегелі өмір” жобасы аясында табысты тұлғалармен кездесу мен сұхбаттар дәстүрге айналған. Бұл жобаның мақсаты – Қазақстанның дамуына үлес қосқан, қосып жатқан табысты, білікті, білімді тұлғалардың өмірін оқушыларға үлгі ете отырып насихаттау, оқушыларға білім мен қоса адамгершілік, жауапкершілік, патриоттық сезімдерін бойларына сіңіріп, үлкен өмірге дайындау және мақсатын айқындап, жетістікке жететін табысты тұлға етіп тәрбиелеу. 
2023 жылдың 17 қарашасында кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні аясында қала тұрғындарын жұмыспен қамту арқылы экономикамызды дамытуға үлес қосып жүрген және мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау арқылы,  ұлтты жанашырлыққа тәрбиелеуге ат салысып отырған Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің түлектері,  қаламыздың абыройлы кәсіпкерлері Қайрат Мұратұлы мен Мейрамбек Серікбайұлы  мектеп-лицейіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. 
Кәсіпкерлер мектепте оқыған кездеріндегі  қызықты сәттерін, жетістікке жету жолында алған тәжірибелерін баяндап,  оқушыларымызға жеңіс, жетістік тек қана маңдай термен, еңбекпен, біліммен келетін жеткізіп, талмай білім алу керектігін атап айтты. Оқушылар кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,  жігерлендірер жауап алды.