Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Дата: 2023-11-21 23:34:33
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ  ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына»сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін 2023 жылдың 21.11-29.11 аралығында конкурс жариялайды. 

 

Лауазым атауы

Бос орын саны, жүктеме

Мерзімі

1

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

1

Негізгі мұғалімнің декреттік демалысы мерзіміне 01.09.2024 ж дейін

2

Аға тәлімгер

1

Тұрақты жұмысқа

3

Дефектолог

0,25

Тұрақты жұмысқа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лауазымдық міндеттері:

 1. Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерінің лауазымдық міндеттері:(ағылшын тілі)

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

      журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика мен психология;

      пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

       Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:

      ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;

      білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;

      тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса);

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса);

      республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру;

      республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса).

2.Аға тәлімгердің лауазымдық міндеттері:

1."Жас қыран", "Жас ұлан" балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді.

2.Білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді.

3.Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады.

 4.Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.

          5.Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істейтін ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды.

6.Білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды.

         7.Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

8.Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды.            

9.Демалыс кезінде олардың демалысын ұйымдастырады.

         10.Білім алушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады.

         11."Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" қоғамдық маңызды жұмыстарды ұйымдастырады.

         12.Балалар ұйымдарының, бірлестіктердің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

13.Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

          14.Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

 

3. Дефектолог мұғалімінің  лауазымдық міндеттері:

         

           1.Оқушының физикалық, ақыл-ой, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, арнайы білім қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, сөйлеу және психофизикалық дамуға зерттеу жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды;

        2.Типтік оқу жоспарлары мен психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңестердің ұсыныстарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-шараларын жоспарлайды және өткізеді;

          3.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен дамыту жұмыстарын жүргізеді;

       4.Типтік оқу бағдарламасы негізінде жеке оқу, даму бағдарламалар әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

       5.Педагогтермен және басқа мамандармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді, ерекше қажеттіліктері бар оқушыны дамыту және әлеуметтендіру, бұзылған функцияларды жеңу және орнын толтыру бойынша топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады;

           6.Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

           7.Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

       8.Ол ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) байланыс жасайды, оқушыларға (оқушыларға) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен әдістерін қолдану туралы кеңес береді;

         9.Ол жалпы тұлға мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарттың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру талаптарына сәйкес әртүрлі формаларын, білім беру технологияларын, әдістерін, оқыту әдістері мен құралдарын қолданады;

         10.Ол стандартты бейімделген, арнайы жеке оқу бағдарламаларын жүзеге асырады;

         11.Ол "Құндылықтарға негізделген білім" тұжырымдамасын жүзеге асырады;

         12.Кәсіби біліктілігін арттырады.

         13.Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың отырыстарына қатысады.

         14.Қажетті құжаттаманы жүргізеді;

       15.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қоғамның толеранттылық көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді;

       16.Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды;

        17.Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

            18.Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктерін бағалауға, психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың жеке бағдарламаларын, оның ішінде жеке оқу жоспарларын, жеке/бейімделген оқу жоспарларын, жеке даму бағдарламаларын дайындауға қатысады және жүзеге асырады, жеке, топтық, кіші топтық дамыту сабақтарын жүргізеді.

             19.Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      арнайы педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту мен тәрбиелік жұмыс әдістемесін,

      бағдарламалар мен оқулықтарды, оқытудың құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндігін, педагогика ғылымы мен білім берудің даму перспективасы мен негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнама негіздерін,

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы күрес ережелері мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; жұмыс өтіліне талап жоқ.

      1) "педагог":

      педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушылардың дамудағы сөйлеу кемшілігін диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады, білім беру ұйымы деңгейдегі тәжірибені жинақтайды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат;

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл, педагог-шебер кемінде 6 жыл.

      Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор"

      санаты жоқ педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің дамуында ауытқушылықтарды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану;

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      дамудағы сөйлеу кемшілігін алдын алу және жеңу үшін әдістер мен әдістерді қолдану;

      ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастық жасау,

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын сындарлы түрде айқындайды,

      өз тәжірибесін аудан/қала деңгейінде жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшы қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      оқу-дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды,

      оқыту мен тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыстар жүргізуге,

      өз пәндері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды жасауға,

      арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді дамыту бойынша шығармашылық топтарды басқарады,

      арнайы білім мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар,

      сабақты зерттеу дағдыларын және бағалау құралдарын әзірлей біледі, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қауымдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындайды,

      өз тәжірибесін облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде жинақтайды,

      облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар;

      4) "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,

жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,

      сурдопедагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу жөніндегі шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі,

        өзінің кәсіби құзіреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.

Еңбек ақы мөлшерібілім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін:

            Конкурстық комиссияның қарауына  құжаттар пошта бойынша, Балқаш қаласы, Сванкулов орамы, 20 ғимарат мекенжайы бойынша,  және licei_2_abai@list.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 4-10-17.

            Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 2023 жылдың 21.11-29.11 аралығында  кадрлар қызметінде  қабылданады.

Тапсыратын құжаттар

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 10-қосымшағасәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшағасәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.