5 сыныптардың орта буынға бейімделуін бақылаудың қорытындысы бойынша директор жанындағы отырыс өтті.

Дата: 2023-11-20 10:02:55
5 сыныптардың орта буынға бейімделуін бақылаудың қорытындысы бойынша  директор жанындағы отырыс өтті.
 Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 5 сыныптардың орта буынға бейімделуін бақылаудың қорытындысы бойынша  директор жанындағы отырыс өтті.
Отырыстың күн тәртібінде:
1. 1 тоқсандағы 5 сыныптардың білім сапасы және пәндер бойынша сапасының мониторингісі.
2.5 ші сыныптардың психологиялық талдау  жұмысының қорытындысы,
3.Пәндердің берілу жағдайы,пән мұғалімдерінің оқушылармен жұмысы.
4.Сынып жетекшілерінің зерттеу сараптамасы,сыныптардың тәрбие бағытындағы жұмыстары:
5.Әлеуметтік жағдайлары бойынша талдау.
Аталған сұрақтар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.С.Байтурганрва, Ш.Т.Жаксыгелдина өз сараптама,қорытындысымен таныстырып өтті.
5 сыныптарды өткен оқу жылына қарағанда білім сапасында өте үлкен алшақтық болғаны назарға алынды.Білім сапасы 5 Ә,В сыныптарында түскен.Мектеп лицейдің директор м/а Шармуханбетова Ж.А.білім сапасы түскен сыныптармен жеке,толық,сапалы жұмыс жасауды міндеттеді.
Психолог А.А.Толетаева 5 сыныптардан алынған ортаға бейімделу сауалнамасының қорытындысын көрсетті,әр оқушының жеке қабылеттеріне тоқталды.
Отырыста пән мұғалімдері сынып жетекшілерімен бірлесе отырып,5,:сынып оқушыларының білім, білік дағдысы бойынша пікірлерін,талдау жасады.
Ұсыныс,шешімдер қабылданды.