Жоғарғы оқу орнымен байланыс.

Дата: 2023-11-12 21:00:35
Жоғарғы оқу орнымен байланыс.

Сенбі күндері мектеп-лицейдің 10-11 сынып оқушылары арасында ЖОО-на түсу үшін информатика пәнін таңдап отырған оқушылармен ҚарУ-дің математика және ақпараттық технология факультетінің аға оқытушы, информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Райхан Мұратхан ұйымдастыруымен  «Информатика пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуге дайындауға бағытталған «Ақпараттық технологиялар мамандығына кіріспе» оқыту курсы және мектеп-лицейдің 9 -11 сыныптар арасында ҚарУ-нің  математика және ақпараттық технология факультетінің PhD докторанты  Танин А.О. ұйымдастыруымен «Математика пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуге дайындауға бағытталған «Жоғарғы математика бастамалары» оқыту курсы бойынша Математикалық сауаттылық және математика таңдап отырған 10-11 сынып оқушыларымен және олимпиада мен ғылыми жоба оқушылармен офлайн  дайындықтары жүргізілуде.  Сонымен қатар 8 - 11 сыныптар арасында ҚарУ-нің зоология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Шайбек А.Ж. ұйымдастыруымен  «Клеткалық биология, генетикалық есептер шығару, ғылыми жоба әдістеріне дайындық» оқыту курсы бойынша офлайн дайындықтары өтілуде.