Біртұтас тәрбие бағдарламасы.

Дата: 2023-10-30 21:51:17
Біртұтас тәрбие бағдарламасы.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің 2023-2024 оқу жылына арналған  ұлттық, адами құндылықтарға бағытталған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» негізделген.  
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық құндылықтарға негізделген: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.
Ұлттық мүдде құндылығы - патриотизмді, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуді, елінің тарихын құрметтеуді, ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздейді.
Ар-ұят құндылығы - ар-ұят, адалдықты, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарауды, достарын, сыныптастарын сыйлауды, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуді көздейді.
Талап құндылығы - салауатты өмір салтын ұстануды, қоршаған орта тазалығын сақтауды көздейді.