Размер шрифта:

"Туған өлкеге серуен" атты іс-шара өтті.

Дата: 2023-10-18 11:17:17

17.10.23 ж күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық топтарында "Мәдени мұра" тарихи функционалдық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес "Туған өлкеге серуен" атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада даярлық тобының бүлдіршіндері қалалық мұражайға саяхат жасады. Мақсаты,: балаларды туған өлкенің тарихымен таныстыру, рухани-адамгершілік негіздері мен құндылықтарын қалыптастыру болды. Мұражайда балалар туған өлкесінің тарихымен танысып, әр түрлі ойындар ойнады. Іс шараны мұражай қызметкерлері мен мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері ұйымдастырды.