"Сабақтың құрылымы.Сабақ жоспары" тақырыбында коучинг өткізілді.

Дата: 2023-10-16 10:28:11
13 қазан күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жас мамандармен "Сабақтың құрылымы.Сабақ жоспары" тақырыбында коучинг өткізілді."Мұғалім қасиеттері" әдісі бойынша топқа бөлініп,сабақтың құрылымын,сабақ жоспарларының бөлімдерін  талдады.Топ спикерлері ортаға шығып,ойларын ортаға салды.Презентация арқылы ақпараттық,материалдар берілді. Коучинг соңында "Табысты сабақ" әдісі бойынша сәйкестендіру жұмысы жасалды.
Жас мамандардың әдістемелік қоржынына жаңа мәліметтермен толысты.Коучингті директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді.