Райс Мағжан қалалық «Ұланбасы» атанды. Құттықтаймыз!

Дата: 2023-10-13 14:40:11
 Райс Мағжан қалалық «Ұланбасы»  атанды. Құттықтаймыз!
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ «Жас ұлан» ұйымының басшысы Райс Мағжан 12 қазанда қалалық мектептер арасындағы ұланбасылардың жоба қорғауын жеңіп алып, қалалық «Ұланбасы»  атанды. Құттықтаймыз! 
Егер мен қалалық ұланбасы болсам...
- Қазақ тілінің көркеюіне ат салысамын. Тілімізді дамыту мақсатында пікірсайыс, турнирлер және ақын-жазушылармен кездесу өткіземін;
- Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасаймын;
- Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға ат салысамын;
- Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты оятамын;
- Талантты оқушыларды марапаттауға ұсыныс жасауға, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаймын. Оқушылардың бос уақытын мазмұнды, тиімді өткізуін ұйымдастырамын.
- Өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, болашаққа үлкен қадам жасау.
(Өткенсіз бүгінің жоқ,бүгінсіз ертеңің жоқ)