Менің отбасым – шығармашыл отбасы

Дата: 2023-10-07 11:52:03
Менің отбасым – шығармашыл отбасы
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-і «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Менің отбасым – шығармашыл отбасы» тақырыбында 1 Ә сынып оқушысы - Нұрғазы Айша   сынып жетекшісі Дауренбекова А.А. және 2 А сынып оқушысы - Аманжол Іңкәр сынып жетекшісі Казакбаева А.Т.  ата-аналарымен біріге өлең шумақтарын мектеп пен ұстаздарға арнап жазған. Мақсаты: жас бүлдіршіндердің, жас шығармашыл ақындарды анықтау, өз халқының мәдени дәстүрлеріне баулу.
  
Ұстаз
 
Әркез бізді аялаған,
Бар білімін аямаған.
Ұлағаты үлгі болған,
Ұстаз деген - аяулы адам!
 
Жылы құшақ жайған алдан,
Жанарынан сая табам.
Ұстаз деген - Ұлы тұлға,
Ұстаз деген - аяулы адам!!!
 
Аманжол Іңкәр Аянқызы
2 "А" сыныбы