«Мектептің жүрегі - мұғалім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Дата: 2023-10-05 21:10:45
«Мектептің жүрегі - мұғалім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 5 қазан Ұстаздар күніне арналған «Мектептің жүрегі - мұғалім» атты мерекелік іс-шарасы мектепішілік шет тілдер кафедрасының ұйымдастырылуымен жүзеге асты. Директордың м.а. - Ж.А. Шармухамбетова ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, кәсіподақ ұйымының төрайымы - А.А. Толеубекова ұлағатты ұстаздарға марапаттарын ұсынды. Іс-шараның «Дара жол» бағдарламасы мектебіміздің ардагер ұстаздары мен биылғы жас мамандарға арналды. Ардагер ұстаздар еңбек жолындағы қызықты сәттерінен естеліктер айтып, кейінгі жас буын мамандарының ұстаздық жолына ақ жол тілеп, ізгі ниеттерін білдірді. Мектебіміздің педагог-психологтары ұстаздарға арнап, ойын әдісі арқылы психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара оқушылардан құралған үгіт насихат тобының, балалар хорының, жас мамандардың өнерімен жалғасын тапты.