Дублёр күні

Дата: 2023-10-05 14:44:43
Дублёр күні

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 5 қазан Ұстаздар күніне арналған «Дублёр күні» биылғы мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған 11-сынып  түлектерінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. «Дублёр күнінің» жалпы ережесі мен мектеп қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, ішкі бұйрық негізінде 5 және 10- сыныптардың сабақтарын 11-сынып оқушылары - дублёрлар жоғарғы дәрежеде өткізді. Мұғалімдер ұжымын 12 А және 12 Ә сыныптарға бөлініп, тақырыптық сабақтар да жүргізілді. Ерекше дәстүрге айналған бұл «Дублёр күні» мектеп оқушыларының тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында жүзеге асты.