Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Мұзтаудың мұзбалағы» атты KitapFest шарасы

Дата: 2023-09-12 23:07:56
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Мұзтаудың мұзбалағы» атты KitapFest шарасы
  «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай жоспарланған іс-шаралар аясында 11 қыркүйек күні «Мұзтаудың мұзбалағы» атты KitapFest шарасы ұйымдастырылды. KitapFest шарасы жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара аясында білім алушыларымыз жазушының шығармаларына шолу жасады.
 Оралхан Бөкей шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманын таңғалдыра алды. Жазушы өз ортасының шындығын, туып-өскен жерінің тамаша суретін, қарапайым халқының тұрмыс-тіршілігін керемет бейнелеп жазған. Жалпы, адамды ардақтау, адам психологиясын терең зерттеу - Оралхан Бөкей шығармаларының негізгі тақырыбы десе де болады. Оралхан Бөкей - қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушы шығармаларында ерекше энергетика бар. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.