«Біз отбасымызбен кітап оқимыз» атты Отбасы күніне орай кітап оқу акциясы

Дата: 2023-09-12 23:05:19
«Біз отбасымызбен кітап оқимыз» атты Отбасы күніне орай кітап оқу акциясы

2013 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген болатын. Соған орай, мектеп-лицейіміздің кітапханашысының ұйымдастыруымен 8 қыркүйек күні «Біз отбасымызбен кітап оқимыз» атты кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.  Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.  Акцияның басты мақсаты білім алушыларымыздың отбасы мүшелерімен бірге оқыған кітаптарын насихаттап, кітап оқуға тарту, ата - анамен бала арасындағы ізгі қарым- қатынастың орнауына ықпал ету.  Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын  ашып көрсете отырып,  ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге, кітап оқуға баулу. Акцияға белсене атсалысқан оқушыларымызға, ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!