Президент Жолдауына пікір

Дата: 2023-09-01 16:42:27
Президент Жолдауына пікір

Қазақстан  Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Жолдауына пікір

    Бірінші  қыркүйек «Білім күні»  мерекесімен қатар  еліміздің тарихында , жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны бүгінгі күні баршамызға  аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін  мемлекет басшысының Жолдауы әр жаңа оқу жылының басталуымен  қатар келуі, мұғалімдер қауымының ерекше назарын аудартады. Президент өз жолдауында  өткен жылдары жеткен жетістерімізбен қатар, 2020жылдан бері мұғалімдер жалақысының 2 есеге өскенін тілге тиек ете келіп, «Жайлы мектеп»  жобасы аясында 400 мектеп салынғанын атап өтті. «Ұлттық қор-балаларға» жобасы қолға алынуының арқасында  жаңа жылдан бастап балалардың есеп шотына қаражат түсе бастайтын болды.  «Адам баласы бір-бірінен, ақыл, білім, ар мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай айтқандай Президент Жолдауындағы  әр салаға қатысты айтылған нұсқаулар ойымыздан шығып отырды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында  айтылған Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар қауымын цифрландыру саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырды. «Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеу жүргізумен айналысуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады. «Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, Парламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын», - деді өз сөзінде мемлекет басшысы.

Еліміздің туристік әлеуетінде пайдалану керектігін атап өтіп, осы салада басқа елдерден артта қалуымызға байланысты, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуын ұсынды.

Білім саласында 2023жылдың 1-қыркүйегінен бастап, тәрбиешілердің жалақысы 30 пайызға артуы , колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға көтерілуі, Қазақстан бойынша 1,4 млн. бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылуы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының ашылуы ата-ана және ұстаз ретінде біз үшін үлкен қуантарлық жаңалық болды. Жолдауда айтылған Абайдың «Толық адам» идеясын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың борышы деп білеміз. Президенттің ел дамуы үшін жасалатын қадамдарды нақтылап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты деп ойлаймыз. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенуге шақырымыз.

             «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі КММ-нің» педагогтер ұжымы