"Лагерь ханзадасы мен ханшайымы - 2023"

Дата: 2023-06-19 12:15:24
2023 жылдың 16 маусымында Абай атындағы №2 мектеп-лицей жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің жабылуына байланысты «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы - 2023» байқауы өткізілді.
Мақсаты: Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Байқау барысында қатысушылар 5 бөлім бойынша бақ сынасып, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. 
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
3 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
4 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
5 - бөлім: «Үй тапсырмасы»
Сайыс тартымды да тартысты өтті.