"Мұражай - тарих айнасы" қалалық мұражайға саяхат

Дата: 2023-06-19 11:43:31

2023 жылдың 16 маусымында«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері қалалық мұражайға саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты: тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани- адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу, жасөспірімдерді мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю,еліне деген мақтаныш пен Отаншылдық сезімін ояту. Мұражайда тәрбиеленушілер әр бөлмедегі құндылықтармен танысып, сонымен қатар әр түрлі қызықты ойындар ойнап, викториналық сұрақтарға жауап беріп көне заманнан сақталған жәдігерлерден көп әсер алып қайтты.