«Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойыны

Дата: 2023-06-15 12:20:42
«Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойыны

2023 жылдың 13 маусым күні мектеп-лицейі жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, лагерь балаларының арасында "Жас Ұлан" әскери-патриоттық спорттық іс-шара өткізілді. Сайыста балалар күштілікті, төзімділікті, батылдықты көрсететін әскери-спорттық жаттығулар түрлерінен сынға түсті. Сайысты АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Мұхтар Р.Н жүргізді.