«Жалауды тап»

Дата: 2023-06-15 12:14:05
«Жалауды тап»

12 маусым күні лагердің тәрбиеленушілері қалалық саябаққа серуендеп барды. Қалалық саябақта спорт  жетекшісінің ұйымдастыруымен лагерь тәрбиеленушілерімен «Жалауды тап»ойыны  өткізілді.Бұл ойын балалардың ізденімпаздық, шапшаңдық  қасиеттерін  дамыта отырып,  намысшылдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Ойынды бастамас бұрын, ойынның  шартымен таныстырылды. Ойынның шарты: белгіленген жерге жасырып қойған жалауды табу болды.  Сонымен қатар, алдын ала дайындалған нұсқау картасы арқылы  балалар 4 топқа бөлініп, бір уақытта белгіленген нұсқаулық бойынша жалауды іздестірді. Ең бірінші болып, жалауды тапқан топ «Қырандар», екінші «Алғырлар»,  үшінші «Балдырғандар», төртінші «Барыстар» тобы болды. Соңында жеңіске жеткен топтар марапатталды.