«Ертегілер әлемі»

Дата: 2023-06-15 11:28:56
«Ертегілер әлемі»

2023 жылдың 9 маусымында«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде «Ертегілер әлемі» атты қуыршақ театры қойылымы ұйымдастырылды. Мақсаты: лагерь тәрбиеленушілерінің қуыршақ театрына, ертегілерге деген қызығушылықтарын арттыру және сөйлеу мәнерін дамыту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Қойылымда «Бауырсақ» ертегісі тамашаланды, әр кейіпкердің дауысы, қимыл-қозғалысы анық келтіріліп, тәрбиеленушілердің ертегі кейіпкерлеріне деген қызығушылық сезімдері оянды. Балалар қуыршақ театрына қызығушылықтарын танытып, кейіпкерлерге сипаттама беріп,  белсенділік танытты.