Менің кішкентай әлемім

Дата: 2023-05-24 11:13:17
Менің кішкентай әлемім

2023 жылдың 18 мамыры күні педагог – ассистент Қайырқұл Азамат Мұратбекұлы 5-сынып оқушылары арасында «Менің кішкентай әлемім» атты танымдық сабағын  өткізді.

Танымдық сабақтың мақсаты – оқушыларға әр адамның бойындағы өзіндік ерекшеліктерін түсінуге және оларды дұрыс қабылдауға көмектесу, EQ дамыту, эмоциялар әлемімен таныстыру, теріс эмоциялар, агрессивті мінез-құлық туралы ақпар беру.

Сабақтың  бірінші бөлімі тренинг түрінде өтіп, оқушылардың арасында эмоция түрлері мен салдары туралы айтылды, әртүрлі эмоцияларды көрсету барысында олармен қалай жұмыс жасау болатындығы көрсетілді.

Танымдық сабақтың екінші бөлімі спорттық марафонмен жалғасты.  Марафонда оқушылардың арасында эмоцияның бір түрі «ренішті» қалай жоюға болатыны әртүрлі ойындар арқылы көрсетілді.