Әлемді кітап арқылы танимын

Дата: 2023-05-24 09:10:31
Әлемді кітап арқылы танимын
«Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітіліп, үш жылдан бері жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты кітап оқу арқылы білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын, сонымен қатар кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру. 
Кітап оқу - тұлғаның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. Еліміз бәсекеге қабілетті, мықты ел болуы үшін ең бірінші жастары дені сау, білімді, патриот, рухы биік болуы керек. Бұл қасиеттер олардың бойына отбасындағы тәлім-тәрбиемен, біліммен және кітап оқу арқылы қалыптасатыны сөзсіз. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі орасан зор. Жобаның жылдық қорытындысы, түйіні негізінде «Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі өткізілді. Шара барысында қуыршақ үйірмесінің қатысушылары Ы. Алтынсарин «Тышқанның өсиеті» әңгімесінің желісі негізінде, 8 Б сынып оқушылары «Тақиялы періште» киносынан үзінді қойылымдарын көрермендерге паш етті. Фестивальде аталмыш жоба аясында жыл бойы өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан, қаламыздың басқа да кітапханаларына жиі баратын, кітапты көп оқитын үздік оқырмандар марапатталды. Ең үздік оқырман сынып кубогына 6 А сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!