Отбасы шағын мемлекет
Дата: 2023-05-17 14:32:19
2023 жылдың 16 мамыр күні "Отбасы шағын мемлекет" тақырыбында саптық жиын өткізілді. Саптық жиында түскі ауысым бойынша 5 А сыныбы сынып жетекшісі Садыканова Б.Ж. отбасы жайында көрініс көрсетіп оқушыларға құнды мәліметтер ұсынса ал бірінші ауысымдағы 10 Ә сыныбының оқушылары және сынып жетекшісі Тускеева А.М. үгіт-насихат көрсету арқылы оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін кеңейте түсті. Отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, Отбасына деген сүйіспеншілікті арттыра отырып үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету керектігін алға тартты және де тың ақпараттармен бөлісті.