Жазғы жұмыс туралы

Дата: 2023-05-16 22:26:18
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
3. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.
 Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
 2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
3) Түнгі уақыттағы (22.00-ден 06.00-ге дейін) жұмысқа он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер жіберілмейді.
4) Ауыр жұмыстарды орындай алмайды, зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істей алмайды.
5) Толық материалдық жауапкершілікті көтере алмайды
6) Вахталық және жұмыс уақытынан тыс жұмыс істей алмайды. 
7) Заң балаларды іссапарға жіберуге, егер оларда медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, рұқсат береді. 
8) 14 жасқа толмаған балалар да жұмыс істей алады. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес олар еңбек шарты бойынша циркте, театрда, концерттерде өнер көрсете алады немесе киноға түсе алады (ҚР Еңбек кодексінің 31-бабы). Ең бастысы, денсаулық пен моральдық дамуға зияны жоқ.