Размер шрифта:

Сатылай кешенді оқыту технологиясы – қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология

Дата: 2023-05-15 16:05:18
Сатылай кешенді оқыту технологиясы – қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология
2023 жылдың 12 мамыры күні
Астана қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу айлығы аясында 
«Сатылай кешенді оқыту технологиясы – қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған республикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жарық күнде сәуле шашқан ізденімпаз ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын зерттеп, зерделеп білім алушылардың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім-білік құзыреттіліктерін дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 
Семинардың құрметті қонақтары: отандық төл технологияның авторы,педагогика ғылымдарының докторы,профессор,Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі,ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті,Алматы облысы Райымбек ауданы,ҚР “Құрметті азаматы”,алаш ардақтыларының ғылыми негіздерін жалғастырушы -Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы.
Сонымен қатар,қоғам қайраткері,тіл жанашыры,төл технологияны  қолдаушы-Асанғазы Оразгул  Асанғазықызы сөз сөйлеп, өміршең технологияның маңызына тоқталды.
Семинарға Балқаш қаласы білім бөлімі басшысы Дүбірбекова Қ.Ш, қала мектептерінің директоры, ұстаздары, мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Болат Ж, Балтабай А.С қатысып, білімдерін көтеріп, кейстерін толықтырып қайтты.