7 мамыр – Отан Қорғаушылар күні

Дата: 2023-05-10 12:01:53
7 мамыр – Отан Қорғаушылар күні

05.05.2023ж. «Өнегелі өмір» жобасы аясында 8-сыныптардың сынып жетекшілері «7 мамыр – Отан Қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында «Жаныңда жүр жақсы адам!» атты мектеп-лицейіміздің аула тазалаушы жұмыскері - КСРО теңіз әскери қызметкері, 1996 жылдан бастап Қазақстанның әуе күштері капитаны еңбек жолынан өткен, зейнеткер Тлеуберлин Ерлан Конусовичпен өнегелі кездесу ұйымдастырды. Кездесуге 8-сыныптардың оқушылары қатысты. Ерлан Конусович Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген өсиетін өмірлік ұстанымы көретінін айтып, оқушыларды қоғамның, мектептің талабын мінсіз орындап, білім қууға, саналы ұрпақ болуға шақырды. Ағамыз қандай істі қолға алсаң да темірдей тәртіппен істе деген өнегесін сөзбен ғана емес іспен де көрсетуде. Ағамыздың арқасында мектеп ауласы мұнтаздай таза. Ерлан  Конусович еңбекқорлығымен және темірдей тәртіпті қатаң ұстануымен оқушыларымызға үлгі. Адал еңбегі мен ұрпағымызға көрсеткен ұлағатты өнегесі үшін Ерлан ағамызға үлкен алғысымызды білдіреміз!