Отан қорғаушылар күні

Дата: 2023-05-05 00:04:29
Отан қорғаушылар күні

04.05.2023. күні Отан қорғаушылар күні қарсаңында және "Өнегелі өмір" жобасы аясында 9-сынып оқушылары
53898 әскери бөлімінің нұсқаушы сержанты Жагупаров Асқар Бауржанович, аға-лейтенант Омарбек Ернұр Бекболатұлы, Курсанттар: Асылбеков Ұлан Серикович, Темирбаев Ернар Азилхановичпен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар Шоқан Уалиханов атындағы кадеттер дайындайтын колледж және Талғат Бигельдинов ұшқыштар даярлайтын институт туралы бейнеролик тамашалап, курсанттар мамандық таңдау жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, әскери адам болу, "әскерге бару" , "парыз", "борыш" секілді ұғымдар жан-жақты ашылды. Оқушылар ұшқыш болу туралы құнды ақпараттар алып, қызығушылықтары арта түсті.