Абай-қазақтың кемеңгері

Дата: 2023-04-24 22:19:41
Абай-қазақтың кемеңгері
"Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында 3-4 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейішілік "Абай-қазақтың кемеңгері" атты Абай оқулары өтті. Абай оқуларының басты талаптары - ақынның кемінде бес, он өлеңін жатқа білу арқылы бастауышта сыныпта негізі қаланатын өлең  өлкесіне деген кішкентай қадамды жетілдіру. 
Мәнерлеп оқу сайысы жас өрендерге шалқар шабыт сыйлап, сөз өнері, поэзияға деген құрметті қалыптастырды. 
Нәтижесінде: 3-4-сыныптар бойынша 20 оқушы қатысты 12 оқушы -1,2,3 орындармен марапатталды, қалған оқушыларға қатысқаны үшін сертификат табысталды.