Құстар біздің досымыз

Дата: 2023-04-24 21:06:42
Құстар біздің досымыз

«Жасыл Қазақстан» экологиялық  сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде 17.04 күні бастауыш сыныптар арасында «Құстар біздің досымыз», 5-6 сыныптар арасында экологиялық сана мен оқушылардың әлемге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Біз көппіз- Жер бір!», 9-11 сыныптарында «Қалдықсыз өндіріс-экологиялық проблеммаларды шешу факторларының бірі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Сынып сағаттарында оқушылар табиғатқа қамқорлықпен қарау, экологияны сақтау адам, табиғат үшін маңыздылығы туралы ой пікірлер айтылып, тапсырмалар, топтық жұмыстар орындады.