Онлайн кездесу

Дата: 2023-04-24 16:09:56
    Онлайн кездесу
       2023 жылдың 20-қаңтары күні 10-сынып оқушылары «Өнегелі өмір» жобасы аясында ҚарУ университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі  Аида Құрманғазықызы Қайырбековамен сұхбаттасты. Сұхбат барысында мектеп түлегі Аида Құрманғазықызы өзінің өмір жолындағы жетістіктері,  мектеп өміріндегі жарқын сәттерімен бөлісті. Мотивацияға толы кездесу барысында қонақ  сүйікті әдеби кейіпкері, бос уақытта шұғылданатын хоббиін айтып, оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға бағдар берді.