Онлайн кездесу

Дата: 2023-04-24 15:38:42
   Онлайн кездесу

       Лицейімізде “Өнегелі өмір” жобасы аясында табысты тұлғалармен кездесу мен сұхбаттар дәстүрге айналған. Бұл жобаның мақсаты – Қазақстанның дамуына үлес қосқан,қосып жатқан табысты, білікті, білімді тұлғалардың өмірін елге үлгі ете отырып насихаттау, оқушыларға білім мен қоса адамгершілік, жауапкершілік, патриоттық сезімдерін бойларына сіңіріп, үлкен өмірге дайындау және мақсатын айқындап, жетістікке жететін табысты тұлға етіп тәрбиелеу. Лицейіміздің қараша айының 21-25.11.22 жыл аралығындағы тәрбие жұмысының жоспары бойынша 24.11.22 ж күні 8 А сыныбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Назира Қалышбекқызы Пиримбетованың ұйымдастыруымен лицейіміздің 2012 жылғы түлегі, жас ақын, республикалық жыр мүшәйраларының лауреаты, “Құланиек” кітабының авторы Айдын Талғатұлы Байыспен онлайн форматта ZOOM платформасында кездесу өтті. Жас ақын мектеп өмірінен, өнер жолындағы елімізге танымал ақын,жазушылармен кездескен  қызықты кездесулерінен алған әсерлерін баяндап, оқушыларымызға жеңіс, жетістік тек қана маңдай термен, еңбекпен,біліммен келетін жеткізіп, талмай білім алу керектігін атап айтты. Оқушылар мен жас ақын арасындағы  қызықты сұхбат  барысында оқушылар қойған сұрақтарына нақты жауаптар алып, жігерленгендері байқалды.