Қуыршақ театры

Дата: 2023-04-21 23:27:25
Қуыршақ театры

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай мектеп-лицейімізде жүргізілетін «Қуыршақ театры» үйірмесінің жетекшісі Утенова Меруерт Нұрашқызы даярлық топ білім алушылары мен 1-2 сынып оқушыларына қойылым көрсетті. Үйірмеге қатысатын мектеп-лицейіміздің оқушылары «Қарлығаштың құйырығы неге айыр?», «Бауырсақ» ертегілерін нақышына келтіріп ойнап, көрермендердің көңілінен шықты.