Размер шрифта:

Жол тәртібін білесің бе?

Дата: 2023-04-19 21:32:26
Жол тәртібін білесің бе?

«Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған» атты  бастауыш сынып апталығында «Жол тәртібін білесің бе?» тақырыбында 4А,4Ә сынып арасында танымдық ойын өтті. Оқушылар 6топқа бөлініп, сынып жетекшілер Дәуренбекова А.А, Абдыкарина М.Ж. және аға тәлімгер Махабаева Мадинаның басшылығымен 5аялдамадан тұратын бекеттерге саяхат жасады. 1 бекет: Викториналық  танымдық сұрақтарға жауап беру. 2 бекет: Жол ережесі туралы жұмбақтар шешу, өлең жолдарын аяқтау. 3 бекет: Ребус, сөзжұмбақ, криптограмма шешу. 4 бекет: Шартты жол белгілерін атап, көрсет. 5 бекет: Жарақаттың алдын алу. Әр бекетте мектептін Жас жол инспекторлары оқушыларының қойған сұрақтар мен тапсырмаларға оқушылар белсене қатысып, орындап отырды. Ойын нәтижесінде 5топ- 1орын, 2топ – 2орын, 4топ – 3орын иеленіп, жас инспектор атанды.