Размер шрифта:

Жүзден жүйрік

Date: 2023-04-19 21:14:54
Жүзден жүйрік

Сәуірдің 18 жұлдызы күні «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» бастауыш апталығы аясында 1 – сыныптармен «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды ойын сайысы болып өтті. Аталмыш ойын сайысында «Бәйге», «Тіл өнері», «Ойлан тап», «Кім жылдам» және «Адасқан әріптер» сынды кедергілерден өту арқылы оқушылар өз білімдерін сынады. Жыл бойы алған білімдерін тамаша дәрежеде көрсете білді. Сайыс нәтижесінде 1 «А» сыныбы I ,1 «В» сыныбы II, 1 «Ә» мен 1 «Б» сыныптары III орындарды қанжығаларына байлады. Іс шараны 1 сынып мұғалімі Қазақбаева А.Т. өткізді.

Author: Lyceum №2