Кітап жарнамасы

Дата: 2023-04-02 23:13:03
Кітап жарнамасы

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап жарнамасы» өткізілді. 8 В Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесін, 10 А Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесін және 6 Б сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін жарнамалап, дайындаған ақпараттарымен бөлісті. Кітапты көп оқиық, құрметті жас дос!